• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Сәуір, 2020

Атырау: Жас әнші «Жас Өркен» конкурсының жеңімпазы атанды

593 рет
көрсетілді

Атыраулық 13 жасар әнші Әлфия Тілекқабыл «Жас Өркен» республикалық балалар конкурсы  ІІ маусымының жеңімпазы атанып отыр. Ол – көзі көрмесе де, есту қабілеті мен әсем дауысы бар ерекше бала. Отбасының кенжесі, үш ағасы бар.

Анасы Жанаргүл Нығметованың айтуынша, Әлфия «Мелодия» театр студиясында  ұстазы Аня Цатинианның жетекшілігімен вокальдан дәріс алып жүр.   «Жас Өркен» конкурсына оның өткен жылғы жетістігі туралы ақпаратты жолдапты. Былтыр жас әнші алты рет халықаралық конкурстың жеңімпазы әрі жүлдегері атанған еді. Сондай-ақ, екі мәрте  республикалық және облыстық байқаудың үздігі деп танылды. Өткен жылдың соңында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда жеке концертін өткізді.

–Қазір Әлфия қазір мамандандырылған мектеп-интернаттың 8-сыныбында оқиды. Вокальдан өзге фортепьяно мен домбырада, қобызда ойнауды үйреніп алды. Соңғы кезде шахмат ойнағанды да жақсы көреді. Жақында көзі нашар көретіндер мен көрмейтін балалар  арасында шахматтан өткен облыстық сайыста бірінші орынды иеленді. Қазір тоқыма ісін де жақсы меңгерді, -дейді анасы Жанаргүл Нығметова.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ

Атырау облысы